Мектеп туралы - Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ
Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ

Мектеп туралы

Нұр-Сұлтан қаласы әкімі қаулысы 06.05.2002ж, № 3-1-453 негізінде «Спорттық ойын түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі». Мемлекеттік коммуналдық қазына кәсіпорыны болып құрылды. 2005 жылы 25 ақпанда №3-1-151-п Нұр-Сұлтан қаласының әкімі қаулысы негізінде Мемлекеттік коммуналдық қазына кәсіпорыны, «Спорттық ойын түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» Мемлекеттік мекеме қайта өзгертілді.
2008 жылдың 25 желтоқсан айында Қазақстан Республикасының азаматтық кодексына сәйкес, Қазақстан Республикасы заңымен «Қазақстан Республика жергілікті мемлекеттік басқармасы» Астана қаласының әкімшілігінің бұйрығымен Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын болып қайта құрылды.
«№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі»МКҚК Қазақстан Республикасының Конституциясының, заңнамаларын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі нормативті құқық актілерін, өкілетті органдар мен өкілетті құрылымдық бөлімдердің бұйрықтарын және ағымдағы Жарғысы негізінде өз жұмыстарында жүзеге асырады.
Спорт мектебі заңды тұлға, өзіндік баланысы, есеп айырысу шоты, мөрі, фирмалық мөр қағазы, штампы және басқада атрибуттары бар.


Спорт мектебінің заңды мекен жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары көшесі-14, нақты мекен жайы Сарыарқа көшесі-37.
Мектеп мемлекеттік және белгілі қоғамдық қолданыстағы әлеуметтік- экономикалық міндеттерді шешу мақсатында құрылған.
Мектептің міндеті мен негізгі қызметі мәдениет туризм және спорт аясындағы, өндірістік шаруашылық қызметін жүзеге асыру.
Мектептің негізгі жүзеге асыратын міндеті мен мақсаты:
- дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде айналысу үшін, қатысушыларды тарту арқылы, дене тәрбиесі және сауықтыру, қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асырады.
- Халықаралық деңгейде спортшыларды тәрбиелеу және спорттық резервті дайындау үшін, спорттық жарыстармен соның ішінде халықаралық деңгейде, спорттық – бұқаралық және спорттық оқу сабақтарын өткізеді, ұйымдастырады.
Қазіргі уақытта «№9 Балалармен жасөспірімдердің спорт мектебінде» МКҚК 5- спорт бөлімі онда 15-жаттықтырушы жұмыс істейді.


Олардың спортшылары жыл сайын Қазақстан Чемпионатында жүлделі орындарға ие болды және Азия Чемпионатына, Азия ойындарына қатысқан. Спорттық ойын түрлерінен «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі»МКҚК қазіргі күнде қалада көпшілікке мәлім мекеме.
Спортпен шұғылдануға балалардың арасында тілек білдірушілер көп.
Жаттықтырушылар өзінің тәжірибесің және өзінің білімін оқушыларына береді.
Мектептің шаруашылық қызметінің міндеті мен мақсаты жоғарғылардың ңұсқауы бойынша, сонымен қатар мемлекеттік міндеттерін, мемлекеттік басқару органдарына жеткізу арқылы жүзеге асырылады.