Нәтижелер - Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ
Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ

Нәтижелер

18 Ақпан Садақ атудан Қазақстан Республикасының Чемпионаты

2019 жылдың 10 мен 16 ақпан айы аралығында Теміртау қаласында, садақ ату спорт түрінен Ересектер мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республика чемпионаты өтті. Жарысқа 8 командадан, 224 спортшы қатысты. Біздің спортшылар жақсы нәтиже көрсеті, оның ішінде Данияр Бозтаев, Султан Өмиртай, Алдан Шамухан, Алдияр Исмаилов ОА 18м жаттығуынан командалық  – 3 орын алды. Анастасия Шаповалова, Алма Килибаева, Диана Кальпебаева, Данель Катренова ОА 18м жаттығуынан командалық – 3 орынға ие болды. Алма Килибаева  ОА 25+25м жаттығуында – 1 орынды жеңіп алды, ал ОА 18м жаттығуында – 3 орын алды. Барлық чемпиондар және жүлдегерлер медальдармен, грамоталарымен марапатталды.