Нәтижелер - Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ
Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ

Нәтижелер

29 Қаңтар Қазақстан Республика чемпионаты

2020 жылдың 20 мен 28 қаңтар айы аралығында Алматы қаласында семсерлесу спорт түрінен, Қазақстан Республика чемпионаты өтті. Жарысқа 8 командадан 180 спортшы қатысты. Біздің спортшылар жақсы нәтиже көрсетті, Камила Мырзахметова қылыштан жеке – 3 орын алды. Жасөспірімер арасында: Диляра Исабекова қылыштан жеке – 3 орын алды. Камила Мырзахметова,  Диляра Исабекова, Диана Исина және Камила Алимова қылыштан командалық – 3 орын алды. Адина Азимханова, Камила Алимова, Айша Сыздык және Камила Мырзахметова рапирадан командалық – 3 орынға ие болды. Барлық чемпиондар және жүлдегерлер медальдармен, грамоталарымен марапатталды.