Нәтижелер - Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ
Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ

Нәтижелер

13 Наурыз Қазақстан Республикасының Чемпионаты

2018 жылдың 02 мен 10 наурыз айы аралығында Шымкент қаласында, садақ ату спорт түрінен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа 7-і қаладан, 161 спортшы қатысты. Біздің спортшылар садақ атудан жақсы нәтиже көрсеті , оның ішінде Игибаева Гаухар М3 18+18м жаттығуынан – 1 орын және М4 25+25м жаттығуынан – 2 орын. Бекберген Омар М3 18+18м жаттығуынан – 3 орын, Ақылбек Ануарбек М3 18+18м жаттығуынан – 3 орын. Игибаева Гаухар, Шаповалова Анастасия, Муратхан Найля командалық классикалық садақ атудан – 2 орын, Игибаева Гаухар, Бекберген Омар командалық классикалық MIX атудан – 2 орын, Шамухан Алдан, Бекберген Омар, Култаев Никита командалық классикалық садақ атудан – 3 орынға ие болды. Барлық чемпиондар және жүлдегерлер медальдармен, грамоталарымен марапатталды.