Спорт түрлері - Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ
Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ

Спорт түрлері

«№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» МКҚК 5 спорт бөлімі жұмыс атқарады:
1. Семсерлесу спорт бөлімі.
2. Садақ ату спорт бөлімі.
3. Үстел теннис спорт бөлімі.
4. Нысана көздеу спорт бөлімі.
5. Стенд ату спорт бөлімі.
6. Кәзіргі бессайыс спорт бөлімі.
 
Семсерлесу спорт бөлімі
Семсерлесу спорт бөлімінде 4-бапкер оның ішінде жөғарығы санатты-1,  ХДСШ-1, СШ-3  бапкерлер жұмыс атқарады. Бөлімде 55- спортшы оның ішінде СШ-6, СШҮ-14, 1с.д-5 спортшылар дайындалады.  Келесі спортшылар Такеев А, Касенов А, Саттархан Н  2011 жылы қазан айында Өскемен қаласында өтткен ҚР чемпионатында жүлделі орындарға ие болды. Семсерлесу спорт бөлімінің спортшылары «Думан» ОСО-да жаттығады.
 
Садақ ату спорт бөлімі
Садақ ату бөлімінде  5-бапкер жұмыс істейді, жоғары санатты-2, ХДСШ-1, СШ-2 Садақ ату бөлімінде 62-спортшы оның ішінде ХДСШ-1, СШ-9, СШҮ-2, 1с.д-10 спортшылар бар. 2011жылы мамыр айында Талдықорған қаласында өткен ҚР 3-ші жазғы спартакиадасында  Ізбасарова Б. М-1 жаттығуында 2 орын, Байгалиев Т. 2 орын. Әйелдер арасында командалық сайыста Ізбасарова Б және Калиева А. 1 орын иеленді. Садақ ату спорт бөлімі «Алатау» СК дайындық жүргізеді.
 
Үстел теннис спорт бөлімі
Үстел теннис бөлімінде 4-бапкер, оның ішінде жоғары санатты-1, бітірмеген жоғары білімді-2. Бөлімде 52- спортшы дайындалады, СШ-4, СШҮ-6, 1с.д-9. Үстел теннисінен  2011 жылы 01-08 шілде айында Ақтөбе қаласында өткен ҚР 3-ші жазғы спартакиадасында келесі спортшылар үлкен нәтиже көрсете білді Ларвова А. жеке сайыста 1 орын  және Герасименко К. жұп сайыста 1 орын.
 
Нысана көздеу спорт бөлімі
Нысана көздеу бөлімінде 3- бапкер, жоғары санатты-1, ХДСШ-2 бапкерлер жұмыс атқарады. Спаотршылар саны-38, СШ-1, СШҮ-1, 1 с.д-22. 2011 жылы шілде айында Алматы қаласында өткен ҚР 3-ші жазғы спартакиадасында Идрисова А. ВП-4 жаттығуында  2 орын алса  2012 жылы  ақпан айында Алматы қаласында жасөспірімдер арасында ҚР чемпионатында   Камендра Ю. ПП-2 жаттығуында 1 орынға ие болды.
 
Стенд ату спорт бөлімі
Стенд ату бөлімінде  жоғары санатты және СШ -1 бапкер жұмыс істейді. Бөлімде 22- спортшы, оның ішінде СШ-1, СШҮ-2, 1 с.д-5 жаттығады. Стенд ату спорт бөлімінің спортшыларының жетістігі, 2011жылы шілде айында Шымкент қаласында болып өткен ҚР 3-ші жазғы спартакиадасында Махмудова И. (компакт спортинг) жаттығуынан 1 орын алса Амандыков А. (компакт спортинг)  3 орынға қол жеткізе білді.
Жалпы «№ 9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» МКҚК   спорт бөлімдерінде  17 бапкер жұмыс атқарып, 229 спортшылар жаттығады.