Мектеп ережесі - Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ
Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ

Мектеп ережесі

Астана қаласы әкімдігінің
«№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ жөніндегі
ЕРЕЖЕ

 

 
      Ереже Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеме Жарғысы, заңдар жиынтығы, Қазақстан Республикасының үкімет шешімі, материалдар, спорт мекемелердің жұмыс істеу нормативті құқылы актілердің негізінде құрастырылған.
1.  Жалпы бөлім
1.1. Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 09 қантар айындағы №112-43 қаулысына сәйкес Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.
1.2. Жедел басқару құқығы негізінде мемлекеттік мүлікке ие мемлекеттік комуналды мекеменің ұйымдастырушы-құқықтық үлгіде заңды тұлға болып табылады.
1.3. Субъект функцияларын Кәсіпорынға қатысты комуналды жекеменшіктік құқығын Астана қаласының әкімшілігі жүзеге асырады.
1.4. Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы – Астана қаласы әкімдігі болып табылады.
1.5. Кәсіпорын өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік кәсіпорын, Дене тәрбиесі және спорт» туралы заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да құқықтық, нормативті актілерге, Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.
1.6. Кәсіпорын, сот органдарында заңмен белгіленген тәртіп бойынша  мемлекеттік тіркелу сәтінен бастап құрылған болып есептеліп, заңды тұлғаның құқығына ие болады.
1.7. Кәсіпорынның қызметін іске асыруға қажетті дербес баланс, банкте есп айырысу шоты, мекеменің атауы жазылған және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы белгіленген домалақ пішінді мөрі, бланкісі, штампы  және т.б. атрибуттары бар.
 
2. Негізгі міндеттер
2.1. Кәсіпорын қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктерімен анықталған әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу мақсатында құрылған.
2.2. Қызметтің негізгі заты және кәсіпорынның негізгі міндеті – мәдениеттің және спорттың өндірістік-шаруашылық қызметін жүзеге асыру болып табылады.
2.3. Алда қойылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Кәсіпорын төменде көрсетілгендерді іске асыруға құқылы:
1) балалар мен жасөспірімдердің арасында олардың денсаулықтарын және жан-жақты физикалық дамуын күшейтуге бағытталған денешынықтыру-сауықтыру шараларын өткізуге; 2) оқушыларды денешынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға шақыратын жұмыстарды енгізуге; 3) жаттығулар өткізу үрдісі кезінде қабілетті балаларды анықтап, спорттық ауытқуы бар мектеп-интернаттарында спортпен шұғылдануға шақыру; 4) спорттық резервтің дайындығын және арнайы мектептерде, олимпиадалық резервті арнайы мектептерде, спорттық шеберлігі жоғары мектептерде, олимпиадалық дайындық орталықтарында, орлимпиадалық резервті дайындау орталықтарында, спорт клубтарында халықаралық дәрежелі спортшыларды тәрбиелеуге қамтамасыз етуге.
2.4. Міндеттерді шешу мақсатында спорт мектептердің басшылары мен спорт мектептің оқытушы-бапкерлік құрамы күнделікті қызметте төмендегі мәселелерге ерекше көңіл бөлуі тиіс:
- Жүйелі түрдегі күнделікті жаттығуларды өткізуге жағдай жасауға, жаттығушылардың таңдаған спорт түрлеріне қызығушылықтарын арттыруға;
- Келешекте оқушылардың өздері таңдап алған спорт түрінің мамандандырылған иелері бола алатындай нақты және жақсы ұйымдастырылған қабілетті жасөспірім спортшылардың іріктеу жүйесін қамтамасыз ету;
- Жүйелі түрде тәрбиелеу жұмыстарын өткізу, жасөспірім спортшыларды спорт этикасына, ұйымшылдық қабілеттеріне үйрету;
- Жаттағушылардың спорттық шеберліктері мен қайраттылықтарының толық жетілу жолына әкелетін алдыңғы қатарлы тәжірибе мен ғылымның қолданылуы үшін оқу-тәрбие үрдісін нақты түрде ұйымдастыру;
- Спорт жарыстарын жүйелі түрде өткізіп, жаттығушыларды өз ұжымның, қаласының, облысының жарыстарына белсенді түрде қатысуын ұйымдастыру;
- Оқушыларды таңдалған спорт түрінің дәрежесі мен жаттығулардың өнімділігін жоғарлату факторы болып табылатын қажетті теориялық білімдермен қамтамасыз ету.
2.5. №9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебіне спортпен шұғылдануға денсаулығына байланысты медициналық кемшіліктері және қарсы көрсетілімдері жоқ, болашақта  спортта жоғарғы деңгейлерге жете алатын балалар қабылданады.
2.6. Спорт жаттығулары  үрдісі кезінде жаттығушылар келесі көпжылдық дайындық кезеңдерден өтеді: 1) бастапқы дайындық (БД) кезеңі – 1-2 жыл; 2) оқу-жаттығу дайындық (ОЖД) кезеңі – 4-5 жыл; 3) спорттық шеберлік кезеңі (СШ) – 3-4 жыл; 4) жоғарғы спорттық шеберлік (ЖСШ) кезеңі – 3 және одан да көп жыл.
2.7. Спортпен шұғылдануға ұмтылған балалармен өтетін бастапқы дайындық кезеңі – бекітілген жас-аралық ерекшеліктерге сәйкес өтеді, ол оқу-жаттығу топтарына дарынды балаларды іріктеп алу мақсатында жасалады; оқу-жаттығу дайындық кезеңіне – балалардың өздерімен таңдалған спорт түрін мамандандыру мақсатында БД курсын жақсы игерген жаттығушылардан құрылған топтар жатады; спорттық шеберлік кезеңі – топтар, оқу-жаттығу кезеңнен өткен және бақылау нормативтерін орындаған спортшылардан құрылған, ол еліміздің жас құрама командаларын толықтыру мақсатында өткізіледі; жоғары спорт шеберлік (ЖСШ) кезеңі – жоғарыда айтып кеткендей еліміздің құрама командаларын көбейту мақсатында спорт шеберлік кезеңінен өткен спортшылардың тобы жатады.
2.8. Көпжылдық спорттық дайындық кезеңдерінде атқарылатын жұмыстың  критерийлері:
1. БД кезеңі – жаттығушылар құрамының тұрақтылығы; жаттығушылардың физикалық дайындықтарының жеке көрсеткіштерінің өсу динамикасы; таңдалған спорт түрінің гигиенасы мен өз өзін бақылау техникасын игеру деңгейі.
2. ОЖ кезеңі – жаттығушылардың денсаулық жағдайлары; жаттығушылардың жеке дара ерекшеліктеріне сәйкес келетін дайындық деңгейінің динамикасы.
3. СШ кезеңі – жаттығушылардың физикалық және функционалды қалпының даму деңгейі; дайындықтардың жеке жоспарында қарастырылған спортшылардың жаттығу және жарыстар жүктемелерін орындауы; спорттық техникалық көрсеткіштердің динамикасы;  республикалық жарыстарға қатысудың нәтижелері.
4. ЖШС кезеңі – республикалық және халықаралық жарыс нәтижелерінің тұрақтылығы; ҚР құрама командаларына дайындалған спортшылар саны, әлем, Азия Чемпионатында, Олимпиадалық Азиадалық ойындарда жоғарғы орындар алған спортшылар саны.
2.9. №9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі құрамында жаттығушы спортшылардың тұрақты немесе тұрақсыз контингенті болуы мүмкін.
 
3. Негізгі көрсеткіштер
3.1. №9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде спорт түрінің 8 бөлімі құрылған:
1. Садақ ату спорт түрінің бөлімі;
2. Нысана көздеу спорт түрінің бөлімі;
3. Стенд ату спорт түрінің бөлімі;
4. Үстел теннисі спорт түрінің бөлімі;
5. Семсерлесу спорт түрінің бөлімі.
6. Қазіргі бессайыс спорт түрінің бөлімі.
7. Жеңіл атлетика спорт түрінің бөлімі.
8. Триатлон спорт түрінің бөлімі.

3.2. Бастапқы дайындық тобына спортпен шұғылдануға талпынған балалар жалпы білім  беретін мектептерден қабылданады.
3.3. Спорт түрінің бөлімдеріне қабылданушылардың жас ерекшеліктері: садақ ату спорт түрінің бөліміне – 11-13 жас; нысана көздеу спорт түрінің бөліміне – 10-12 жас; стенд ату спорт түрінің бөліміне – 12-14 жас; үстел теннисі спорт түрінің бөліміне – 7-9 жас; семсерлесу спорт түрінің бөліміне – 10-12 жас, жеңіл атлетика спорт түрінің бөліміне – 9-11 жас, қазіргі бессайыс спорт түрінің бөліміне - 10-12 жас, триатлон спорт түрінің бөліміне - 10-12 жас.
3.4. БД топтарына оқушыларды қабылдау ата-аналарының рұқсатымен берілген түсушінің өтініші, тұру мекенжайына байланысты тіркелген дәрігердің рұқсат қағазы мен бастапқы дайындық топтары үшін қарастырылған жалпы дене дайындық (ЖДД) бақылау нормативтерін орындау нәтижелері негізінде жүзеге асады.
3.5. ОЖ топтары – бастапқы, спорт дайындықтардан өткен және ЖДД пен арнайы дене дайындық (АДД) қабылдау емтихандарын орындаған дарынды және спортқа қабілетті балалар мен жасөспірімдерден тұрады.
3.6. СШ топтары – оқу-жаттығу топтарынан өткен және ЖДД пен АДД қабылдау емтихандарын орындаған спортшылардан тұрады.
3.7. ЖСШ топтары – СШ кезеңнен өткен және Қазақстанның құрама команданың немесе резервті құрам кандидатының талаптарына сәйкес келетін спортшылардан тұрады.
3.8. СШ және ЖСШ топтарына қабылданушылардың жас ерекшеліктері шектелмейді, егер олар жыл сайынғы бекітілген нормативтері мен талаптарына сай келетін болса.
3.9. Спортшылардың келесі оқу жылының тобына өту жаттығу стажы, ЖДД пен АДД өту емтихандарын орындау негізінде бапкерлер кеңесі шешімімен жүзеге асады.
3.8. Егер 3.9. пукнттің талаптарын спортшылар орындамаған жағдайда жаттығушы спортшылар келесі оқу жылына өтпейді. Ондай спортшылар, ЖСШ тобының жаттығушыларынан басқалары, спорт мектебінің педагогикалық кеңесінің шешімімен екінші жылға қайта қалып оқуларын жалғастыра алады, алайда бұл берілген кезеңде бірден артық аспауы керек.
3.9. Жаттығушылардың саны мен оқыту топтарының саны, оқыту сағаттардың жылдық есептемелері жыл сайын 1 қыркүйекке дейін спорт мектебінің директормен бекітіліп, тапсырылуы тиіс. Оқу жылының аяғына дейін топтардың сандық құрамы 50% құруы мүмкін.
 
4.  Оқу-жаттығу жұмыстардың жинақтау реті мен тәртібі
4.1. БД тобы – оқу жылы 1 жыл, топтардың толықтығы 14 адам, апталық жүктеме 8 сағат, жылдық жүктеме 416 сағат.
БД тобы – оқу жылы 2 жыл, топтардың толықтығы 12 адам, апталық жүктеме 10 сағат, жылдық жүктеме 520 сағат.
ОЖ тобы – оқу жылы 1 жыл, топтардың толықтығы 8-10 адам, апталық жүктеме 12 сағат, жылдық жүктеме 624 сағат.
ОЖ тобы – оқу жылы 2 жыл, топтардың толықтығы 8-10 адам, апталық жүктеме 14 сағат, жылдық жүктеме 728 сағат.
ОЖ тобы – оқу жылы 3 жыл, топтардың толықтығы 8-10 адам, апталық жүктеме 18 сағат, жылдық жүктеме 936 сағат.
ОЖ тобы – оқу жылы 4 жыл, топтардың толықтығы 8-10 адам, апталық жүктеме 20 сағат, жылдық жүктеме 1040 сағат.
СШ тобы – оқу жылы 1 жыл, топтардың толықтығы 5-6 адам, апталық жүктеме 24 сағат, жылдық жүктеме 1248 сағат.
СШ тобы – оқу жылы 2 жыл, топтардың толықтығы 5-6 адам, апталық жүктеме 26 сағат, жылдық жүктеме 1352 сағат.
СШ тобы – оқу жылы 3 жыл, топтардың толықтығы 5-6 адам, апталық жүктеме 28 сағат, жылдық жүктеме 1456 сағат.
ЖСШ тобы – бүкіл период бойы адамдардың толықтығы 3-4 адам, бір апталық жүктеме 36 сағат, бір жылдық жүктеме 1872 сағат.
4.2. Оқушыларды топқа қабылдау немесе топтан шығару директордың бұйрығымен жүзеге асады.
4.3. Спорт мектептің жаңа оқу жылы 1 қыркүйектен басталып, оқу-жаттығу сабақтары 52 аптаға есептелген оқу бағдарламалары мен оқу жоспары бойынша өтеді.
4.4. Қалалық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысатын топтарды дайындау мақсатында және осыған арналып бөлінген қаржы көлемінде қалалық жарыс алдында ұзақтығы 18 күн және республикалық, халықаралық жарыстар алдында ұзақтығы 24 күн болатын оқу-жаттығу жиындарын жүргізеге құқылы. Оқу-жаттығу жиындардың саны жылына 150 дейін жетуі тиіс.
4.5. БД топтарында оқу-жаттығуларын жүргізу ұзақтығы 2-3 академиялық сағаттан, ОЖ топтарында 3-4 академиялық сағаттан, СШ және ЖСШ топтарында 4 академиялық сағаттан аспауы тиіс.
4.6. Оқу-жаттығу, спорттық шеберлік және жоғарғы спорттық шеберлік топтарында, алдын ала белгілі бір топ түріне арналып оқу-жаттығу жұмыс тәртібімен бекітілген оқу-жаттығуларын, оқу бағдарламаның уақыты шамасында өткізу кезінде негізгі жаттықтырушы бапкерден басқа көмекші екінші бапкер де қатыса алады.
4.7. Демалыс уақытында жаттығушыларды жыл бойы үздіксіз оқу-жаттығу сабақтарымен қамтамасыз ету үшін және олардың белсенді демалыстарын ұйымдастыру мақсатында сауықтыру-спорт лагерьлер ұйымдастырылуы мүмкін.
4.8. Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі оқушылармен директормен бекітілген жоспар бойынша тәрбие жұмыстарын ұйымдастырып өткізеді.
4.9. Жоғарғы спорттық шеберлік кезеңіне – «ҚР спорт шебері» атағын орындаған перспективалы спортшылар; Спорттық шеберлік кезеңіне – спорт шеберіне үміткерлер; Оқу-жаттығу кезеңіне – бір жылдан кем емес дайындықтан өткен спортшылар қабылданады.
4.10. Оқытушы-бапкерлік құрамның жұмысы бағаланады:
- БД топтарында – оқу топтары құрамының тұрақтылығымен, ЖДД талаптарын орындай отырып, оқушылардың БЖСМ бағдарламасын қабылдау деңгейінің тұрақтылығымен, ОЖ тобына конкурс негізінде қабылданған жаттығушылардың тұрақтылығы негізінде;
- ОЖ топтарында – ЖДД мен АДД бойынша нормативті көрсеткіштерді орындау және топтар құрамының тұрақтылығы негізінде;
- СШ топтарында – бағдарламалық талаптарды орындау негізінде, сонымен қатар спорттық дайындық, еліміздің құрама командаларына дайындалған үміткерлер саны мен олардың республикалық және халықаралық жарыстарда қатысу нәтижелері негізінде;
- ЖСШ топтарында – еліміздің құрама командаларына дайындалған үміткерлер саны мен олардың республикалық және халықаралық жарыстарда қатысу нәтижелері негізінде.
4.11. Мектептің спорт бөлімдері ішінде мектеп директордың бұйрығымен жетекші бапкерлердің қатарынан әр бөлімнің аға бапкері тағайындалады, егер олардың әрқайсысының басшылығымен толық жүктемелері бар үштен кем емес оқытушы-бапкерлер жұмыс істейтін болса. Бұл кезде қосымша жұмыс істеп жүрген екі оқытушы бапкер бір штаттық жұмысшы болып саналады.
4.12. Мектептің спорт түрінің әр бөлімінде бапкерлер кеңесі құрылады. Бапкерлер кеңесінде аға бапкердің басшылығымен айына бір рет оқу-жзаттықтыру, тәрбие жұмыстары, спортшыны дайындау жеке дара жоспарлау мен  олардың жарыстарға қатысу сұрақтары қарастырылады.
 
5. Мектеп басшылығы. Штат
5.1. «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ басшы басшылық етеді, басшылыққа қызметке тағайындап, қызметтен босатады.
5.2. Басшы спорт мектептің қызметін бірлесе бастау принципі негізінде басқарып, Қазақстан Республикасының заң шығарушы органдарымен анықталған «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» компетенциясына сәйкес келетін оның қызметіне байланысты сұрақтарды өзі дербес түрде шеше алады.
5.3. Басшы оқу-жаттығу, тәрбие, әкімшілік-шаруашылық жұмыстардың ұйымдасуы мен дұрыс орындалуына, оқытушы-бапкерлердің құрамы мен әкімшілік-шаруашылық қызметкерлерді дұрыс таңдап тағайындауына жауапты, жұмысшыларды орнатылған тәртіпке байланысты жұмысқа қабылдап, жұмыстан босатады.
5.4. Оқу-тәрбие жұмысы жөнінде директордың орынбасары құрылтайшымен келісіліп, директормен тағайындалады.
5.5. Мектеп әдіскері жаппай директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасардың басшылығымен жұмыс істейді.
5.6. Мектептің оқытушы-бапкерлік құрамы «дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша кәсіптік білімдері бар бапкерлердің қатарынан жинақталады.
5.7. Мектептің спорт түрінің әр бөлімдерінде директордың бұйрығымен алдынғы қатарлы оқытушы-бапкерлердің ішінен аға бапкерлер тағайындалады.
5.8. «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ штаттық кестесі құрылтайшымен келісіліп, орнатылады.
 
6. Дәрігерлік бақылау
6.1. БД топтардағы дәрігерлік бақылау «дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын тұлғалардың дәрігерлік бақылауы» Ережесіне сәйкес аймақтық емхананың дәрігерлік бақылау кабинетінде жүргізіледі.
6.2. ОЖ, СШ және ЖСШ топтарында жаттығатын тұлғалардың дәрігерлік бақылауы дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінде өтеді.
6.3. Спорт мектептің дәрігері оқу-жаттығу үрдісін және мектептің спорт жарыстарын медициналық қызметпен қамтамасыз етеді, жаттығулардың жүктемесі мен көлемін бақылайды, спортшыларды дайындаудың жеке дара жоспарын құрастыруда қатысады.
6.4. Жаттығушылардың әрқайсысына бекітілген үлгінің дәрігерлік-бақылау картасы жүргізіледі, ол мектептің медициналық кабинетінде немесе дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінде сақталады.
6.5. Спорт мектептің жаттығушылардың денсаулықтарын сақтау мақсатында төмендегі іс-шаралар орындалады:
а) жылына бір рет міндетті түрдегі диспансерлік тексеріс өткізу;
б) зақымдану немесе аурудан кейінгі жарыс алдында қосымша медециналық тексеріс өткізу;
в) спортшылардың фармакологиялық заттарын қолданылуын бақылау.
 
7. Оқушылардың құқықтары мен міндеттері
7.1. «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ оқушыларының міндеттері:
- жаттығуларды табысты оқумен біріктіру;
- жаттығуларға жүйелі түрде қатысып отыру, тазалық пен тіртіпті сақтап жүру (оқу-жаттығу сабақтарын қатарынан 3 күн бойы немесе аптасына 6 академиялық сабақты себепсіз босатқан уақытта, спортшы бапкердің мәлімдемесі негізінде «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ оқушылары қатарынан босатылуы мүмкін);
- өздерінің теориялық білімдері мен физикалық дайындықтарын әр уақытта жоғарылатып отыру;
- спорт мектебі өткізетін іс-шараларға белсенді түрде қатысу;
- жарыстарға қатысу;
- мектептегі дене шынықтыру мұғалімнің және спорт мектептің бапкерінің белсенді көмекшісі болу;
- медициналық бақылаудың талаптарын қатал түрде орындау;
- мүлік пен спорт құрал-жабдықтарына ұқыптылықпен қарау.
7.2. «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ оқушылары оқу-жаттығу сабақтарында және жарыстарда мектептің спорттық құрал-жабдықтарымен, спорттық қондырғылармен тегін пайдалануға құқылы.
7.3. Жаттығушылардың мектеп өміріне белсенді қатысқандары үшін, спорттық жетістіктері мен үлгілі тәртіптері үшін оқушылар бағалы  сыйлықтармен, мақтау қағаздарымен, дипломдпрмен және т.б. мадақтау түрлерімен марапатталады.
 
8. Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің мүлкі
8.1. «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ мүлкі төмендегі негіздер бойынша қалыптасады:
- белсенді басқару құқығы негізінде «№9 БЖСМ» КММ бекітілген мүлік негізінде;
- табыс әкелетін «№БЖСМ» КММ қызметінің қаражаты негізінде;
- жеке   тұлғалар   мен  заңды  тұлғалардың  өз  еріктерімен  жасаған қайырымдылық қаражаты негізінде;
- заң   шығарушы   органдарына  қайшы  келмейтін басқа да әдістер негізінде.
8.2. «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ белсенді басқару құқығы негізінде мүлікті бекіту Құрылтайшының қаулысы негізінде жүзеге асады.
8.3. Белсенді басқару құқығы негізінде «№9 БЖСМ» КММ бекітілген мүлікпен иелену, мүлікті қабылдау-тапсыру актісі бойынша осындай мүлікті тапсыру уақытынан бастап жүзеге асады.
8.4. «№9 БЖСМ» КММ бекітілген мүлік  мүлік реестірінде есепке алынып, БЖСМ балансында көрініп тұрады.
8.5. «№9 БЖСМ» КММ оған смета бойынша бөлінген және бекітілген мүліктен бас тартуға немесе онымен өз еркінше басқа мақсаттарда иеленуге құқысыз.
8.6. Рұқсат етілген қызметтен №9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі түсіп жатқан табыс, толығымен оның иеленуіне өтіп, құрылтайшымен бекітілген  №9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің шығындар мен табыс сметасында және бөлек баланста есептеледі. Осы табыстардың арқасында алынған мүлік «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ муниципалды жетекшілігіне өтіп, оның толық иелігіне өтеді.
8.7. Белсенді басқару құқығын жүзеге асырған уақытта «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ мүліктің сақталуына және оның дұрыс қолданылуына жауапты.
8.8. Жұмыс ерекшелігіне және оқу-жаттығу үрдістің нәтижелілігі үшін спорт мектептің өзінің арнайы автокөлігі болуы мүмкін.
 
9. Мектеп құжаты
9.1. Спорт мектептердің келесі құжаттары болуы тиіс: өткен жылдың жұмыстарына талдау (анализ), мектептің жылдық жұмыс жоспары, ұйымдастыру, оқу, спорттық-топтық, тәрбие, әдістемелік, қаржылық-шаруашылық, мамандандыруды жоғарылату, медициналық қамтамасыз ету, ата-аналармен, жалпы білім беретін мектептермен жұмыс өткізу, ішкі бақылауды ұйымдастыру.
9.2. Жарыстардың, бақылау, қабылдау және шығару нормативтердің хаттамалары мен олардың АДД пен ЖДД бойынша орындалудың, техникалық дайындықтың анализі және байқауларды өткізу графигі.
9.3. Спорттық шеберлік пен жоғарғы спорттық шеберлік топтарының оқушыларының әрқайсысына басталған жеке дара жоспарлар, спортшылардың жеке карталары, оқу жаттығулардың кестесі, спорт бойынша оқытушы бапкердің оқу жұмыстарының есеп журналы.
9.4. Бұйрықпен бекітілген оқу спорт бөлімдері мен оқу топтары бойынша жаттығушылардың тізімдері. Құрылтайшымен бекітілген оқытушы-бапкерлік құрамның тарификациялық тізімдері «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ штаттық кестесі, жұмысшылардың атқаратын лауазымдық нұсқаулықтары, ішкі еңбек тәртібінің ережесі, оқытушылар мен бапкерлер отырысы кеңесінің хаттамалары, шығыс және кіріс құжаттары тігілген папкалар, мектеп жұмысшыларының жеке істері, бұйрықтар, еңбек кітапшаларын беру, кепілдеме және т.б. құжаттардың кітабы, 5-фк формасы бойынша жасалған есептемелердің көшірмелері.
9.5. Оқытушы-бапкердің мектеп әкімшілігімен бекітілген сабақ бағдарламалары, спортшыларды дайындаудың жеке дара жоспарлары, оқытушы-бапкердің спорт бойынша оқу жұмыстарының есеп журналдары.
 
10. Еңбек ақы төлемі
10.1. Еңбек ақыны төлеу жүйесі мен формасы, спорт мектептің жұмысшыларына қосымша үстеме ақының төленіп, бекітілуі еңбек заң шығарушы органдарымен сәйкес жаппай мекемемен жүзеге асады.
10.2. Оқытушы-бапкердің жалақыларын төлеу үшін спорт мектептің басшылары жыл сайын оқу немесе күнтізбелік  жылдың басында бекітілген форма бойынша тарификациялық тізімдерді бекітеді.
10.3. Мектептің жұмыс уақыты 2015 жылдың 23 қараша айындағы № 414-V Еңбек Кодексі бойынша орнатылады.
10.4. Оқытушы-бапкерлердің (аға бапкерлердің) бір жалақы ставкасы үшін оқытушы жұмыстарының сағат нормасы аптасына 24 академиялық сағат көлемінде орнатылады.
10.5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсан «Мемлекеттік бюджет тарапынан қаражаттандыратын азаматтық қызметшілер, ұйымдардың қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» №1193 қаулысына сәйкес «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ жұмысшыларына қосымша төлемақы және үстеме ақыны орната алады.
10.6. Спорт мектептің қалған жұмысшыларына (басшыларға, оқытушы-бапкерлерге, мамандарға) ағымдағы жылдың шығындар мен табыс сметасы аумағында лауазымдық еңбекақыларына жеке дара үстеме ақы орнатылады.