Нәтижелер - Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ
Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ

Нәтижелер

15 Қараша Жеке-командалық чемпионаты

2019 жылдың 04 мен 09 қараша айы аралығында Алматы қаласында нысана көздеу спорт түрінен, "Отан" РҚБ-ның ұлдар мен қыздар арасындағы жеке-командалық чемпионаты өтті. Жарысқа 5 командадан, 124 спортшы  қатысты. Біздің спортшылар  жақсы нәтиже көрсетті, Ле Александра ВП-4  жаттығуында жеке - 1 орынды жеңіп алды. Борщ Елизавета ВП-4 жаттығуында жеке  – 2 орынға  ие болды. Ле Александра және Борщ Елизавета ВП-4 жаттығуында командалық - 2 орын алды. Ле Александра, Амантаева Амина және Ильина Сабина МВ-8 жаттығуында командалық – 3 орын алды. Серик Бексултан және Григоревский Дмитрий ВП-6 жаттығуында командалық – 3 орынға ие болды. Барлық чемпиондар және жүлдегерлер медальдармен, грамоталарымен марапатталды.