Нәтижелер - Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ
Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ

Нәтижелер

01 Қыркүйек Стендтік ату. Қазақстан Республикасы Кубогының 3-кезеңі аяқтады
Астанада, 2016 жылдың 26 мен 28 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Кубогының 3-кезеңі аяқтады. Қазақстанның бірнеше қаласынан (Қызылорда, Алматы, Павлодар, Атырау және Астана) 100-ден астам спортшы қатысты. Дөңгелек стенд жаттығуында Н.Сушков 3-орын (ұлдар), дөңгелек стенд жаттығуында Н.Утева 1-орын (қыздар) және компакт-спортинг жаттығуында қыздар арасында 2-орын алды. А.Каримов компакт-спортинг жаттығуында ұлдар арасында 2-орынды иеленді. Траншеялық стенд жаттығуында ерлер командасы А.Могилевский және С.Косачев 3-орын алды. Дөңгелек стенд жаттығуында ерер командасы Авагян мен Амандықов 3-орынды иеленді.