Нәтижелер - Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ
Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ

Нәтижелер

24 Наурыз Армысың, Әз Наурыз!

Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің» КММ Наурыз мерекесі ағымдағы жылдың 18 наурыз айында Молдағұлова 21/1 мекен-жайында өтті. Наурыз мерекесі ең көне мерекелердің бірі. Наурыз - жылдың бірінші күні, жыл басы. «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» деген мағананы білдіреді. Халық бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. Наурыз мерекесін қазақ халқы «Армысың, Әз Наурыз» деп қарсы алған. Бүкiл қазақ халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар татуласып, дүйiм халық, мұқым ел ауыз бiршiлiкте болады.