Нәтижелер - Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ
Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ

Нәтижелер

25 Тамыз Ашық есік күні

Астана қаласы әкімдігінің «№ 9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ 2017 жылдың 25 тамызда сағат 12:00-де Астана қаласында «Астана» саябағында, «Спорт күні» кәсіби мерекесін атап өтуге байланысты, «Салауатты ұлт-салауатты ұрпақ» тақырыбында ашық есік іс-шарасын  ұйымдастырып өткізді. Ұжым басшысымен бастаған мектеп әдіскерлері, спортшылары  мен бапкерлері - қала тұрғындары мен қонақтарын әр спорт бөлімінің спорттық жабдықтарымен таныстырып, шеберлік-кластар көрсетті. Осы күні 300-дей  қала тұрғындары келіп кетті. Спорттық іс-шараның басты мақсаты жастарды отан сүйгіштікке, патриотизмге және салауатты өмір салты ұстануға шақыру және бұл ашық есік күні 2017-2018 оқу жылына спортшыларды спорт бөліміндеріне қабылдау жүргізуге арналды.